1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Астанада "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Іс-шара аясында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында кешенді рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция жасақтарының патрулі күшейтіліп, қоғамдық орындар мен азаматтар көп шоғырланатын аумақтар тексерілуде. Негізгі назар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жолын кесу, көші-қон заңнамасының талаптарын бақылау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
"Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы бері елордада 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 97 әкімшілік материал рәсімделді. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 22 адам жауапкершілікке тартылып, 20 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін ІІМ қарашаның бірінші онкүндігінде полиция жүргізген соңғы операциялар мен есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындыларын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript