"Жасы да кәрісі де бар": Қазақстан қалаларынан бірқатар есірткі курьерлері ұсталды

Тыйым салынған заттар, есірткі, Алматы, Шымкент, Павлодар, операция, полиция, қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2026 09:58 Сурет: polisia.kz
Қазақстанда есірткінің заңсыз айналымына қатысты күдіктілерді ұстау шаралары өз жалғасын табуда. ІІМ қарашаның бірінші онкүндігінде полиция жүргізген соңғы операциялар мен есірткі қылмысына қарсы күрестің қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның автокөлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин психотроптық заты тәркіленді.
  • Шымкентте полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оны жеке тінту кезінде салмағы жарты келі болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Жігіт оны қала аумағында өткізбек болған.
  • Павлодарда полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады. Оны жеке тінту кезінде 1,5 келіге жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктінің әлеуметтік желі арқылы есірткі курьері жұмысын тауып, тыйым салынған заттарды өткізу үшін Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталды.

Қарашаның бірінші онкүндігінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 35-і қылмыс. 10 күн ішінде 35 фигурант ұсталды, оның ішінде:

  • 19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша;
  • 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін;
  • 8 адам контрабанда үшін;
  • 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін;
  • 1 адам есірткі өсіргені үшін;
  • 1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін.
"Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 190 кг марихуана, шамамен 13 кг синтетика және 4 келі гашиш те бар". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: