Талдықорғанда IT Hub құрылып, IT-мектептер ашылады

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.

Жалпы, IT-нарығының көлемі жыл сайын ұлғайы келеді, сала мамандарына деген сұраныс та артты. Осыған байланысты жақын арада мамандандырылған мектептер ашу бойынша жұмыс жандандырылатын болады. Осылайша, кадр мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек.

Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, министр Талдықорған қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жұмысына оң баға беріп, "Қауіпсіз қала" жүйесінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін бейнебақылаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Облыс орталығында ЖБО-ға қосылған 871 бейнекамера жұмыс істейді. Smart City жобасы аясында Талдықорған еліміздегі ең қауіпсіз қалалардың бірі болып табылады.

Талдықорған
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады