Алматыда электрлі самокаттардың тұрағы пайда болды

Сурет: Zakon.kz
Бірінші кезеңде белгілер Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалып жатыр. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрақ аумағы ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метр болады, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беру сервисінің операторы арасында меморандумға қол қойылған. Құжат электрлі самокаттардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апатты азайтуды көздейді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті