Астанада Чехов көшесіндегі жол учаскесі үш күнге жабылды

Сурет: Zakon.kz
19-21 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Чехов көшесінің 191 көшеден Жолымбет көшесіне дейінгі учаскесі жабылып, көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында көрсетілгендей, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен аталған көшені жапқан.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін