Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 22:35 Фото: pixabay
Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны арнайы қабылдау орнының қызметкерімен жанжалдасқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ломбардтағы смарт-сағатының кепіл мерзімін ұзарту үшін телефон сұраған. Алайда кезекшімен сөзге келіскен жанжал төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушы есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамауға алынған. Кейін камераласымен төбелескені үшін оған тағы 15 тәулік қамау жазасы тағайындалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті жазды.

Смарт-сағатының кепіл мерзімін ұзарту уақыты келгенде, қамаудағы азамат ұялы телефон сұраған.

Оның айтуынша, арнайы қабылдау орны бастығының орынбасары телефонды пайдалануға рұқсат берген. Алайда кезекші инспектор Ғалымжан Нұрмұхамбетов мекеме ережелеріне сілтеме жасап, өтінішін орындамаған.

Көп ұзамай екеуінің арасында төбелес болған. Полицей ер адамның өзіне екі рет соққы жасағанын айтса, сотталушы жанжалды инспектор бастағанын мәлімдеген. Камераластары да полиция қызметкері күш қолданғанын айтқан. Алайда сот олардың сөзін нанымды дәлел деп таппады. Сараптама жанжалға қатысқан екі адамның да денесінен жарақат іздерін анықтаған.

Нәтижесінде сот сотталушының полицей тарапынан күш қолданылғаны туралы уәждерін қабылдамай, оны үш жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: