Telegram-нан "жеңіл жұмыс" іздеген елордалық үш жылға сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 14:35 Фото: Zakon.kz
Telegram желісіндегі "жеңіл жұмыс" туралы хабарландыруға сенген 20 жастағы Астана тұрғыны алаяқтардың қылмыстық схемасына қатысқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар Петропавлдағы егде жастағы тұрғындарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде қоңырау шалып, жақындарының жол-көлік оқиғасына кінәлі болғанын айтқан. Оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша талап еткен.

Қылмыскерлердің сөзіне сенген үш тұрғын 1 миллионнан 3 миллион теңгеге дейін қаражат берген. Ақшаны алаяқтық әрекеттен бейхабар такси жүргізушілері "сәлемдеме" ретінде жеткізген.

"Сәлемдемелерді" қабылдап, белгіленген жерлерге апару міндеті Telegram-нан жұмыс іздеген 20 жастағы елордалыққа жүктелген. Ол осы мақсатпен арнайы Петропавлға келген.

2025 жылғы 8 және 9 қыркүйекте жігіт үш "сәлемдемені" қабылдап, оларды бұталардың арасына және қоқыс жәшіктеріне жасырған.

Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Тергеу барысында жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын растады.

Сот үкімімен алаяқтардың курьері үш жылға бас бостандығынан айырылып, келтірілген шығынды ішінара өтеуге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді "жеңіл жұмыс" ұсыныстарына сақтықпен қарауға шақырды. Заңсыз табыс табуға әрекеттену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: