Алматыда жосыла жөңкіп келген ресейліктерге қатысты жағдай ерекше бақылауда

Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде барлық мемлекеттік институттар, әсіресе көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Ресей Федерациясы азаматтарының келуіне қатысты арнайы жоспарын бекітті.

22-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласына 5 066 РФ азаматы келіп, 4 172 адам оралған. 894 ресейлік қала аумағында қалды. Бұл біздің қала үшін үлкен көрсеткіш емес. Алматының барлық қызметтері түгел қажетті жұмысты орындауға дайын. Мемлекеттік органдар заңға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес барлық қажетті көмекті көрсетеді. Яғни, ешқандай артықшылық болмайды. Арман Қырықбаев

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ ол барлық мемлекеттік мекемелер, әсіресе көші-қон қызметі штаттық режимде жұмыс істеп, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын баса айтты.

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда 2000-ға жуық төсек орынды орналастыруға болады.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының тәулік бойы тегін колл-орталығы жұмыс істейді. Барлық өзекті сұрақтар бойынша 1308 (мобильді қазақстандық ұялы байланыс операторының қоңырауы, тек Алматы қаласында ғана қолжетімді) және +7 727 338 33 88 (қалалық телефоннан қоңырау) телефондарына хабарласуға болады.

Бұдан басқа, көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері, шетел азаматтарының Алматы қаласының аумағында болу ережелері бойынша жедел желі ұйымдастырылды.: +7 727 254-43-17, +7 727 254-46-97.

Әрбір аудан әкімдігінде кеңес беруге дайын жауапты тұлғалар кезекшілік етеді:

Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы «Құлагер» шағын ауданы, Серіков көшесі, 6а мекенжайындағы ХҚКО-да Ресейден келген релоканттарға қызмет көрсету жұмыстары күшейтілді.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері – 9:00-ден 13:00-ге дейін, жексенбі – демалыс.

Бірыңғай байланыс орталығы - 1414.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, осы жылдың 26 қыркүйегінде ЖСН алуға 2070 шетелдік қызмет алушы жүгінген. Бүгін 1700 жүгінді, бәсеңдеуі байқалады.

Мегаполисте шетелдіктер көбейген жағдайда, бұл азаматтарға кедергі жасамас үшін қызмет көрсетуге қосымша орын бөлінеді.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: