"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Киіт, құда, әлеуметтік желі, сын, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 19:28 Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Лаура есімді Instagram желісін қолданушы үйлену тойлары мен ас беру рәсімдері кезінде берілетін кәде заттарды сынға алып, мұның түп-тамырына балта шабуды ұсынды. Өйткені осы үшін көптеген отбасы миллиондаған қаржы жұмсап, несиеге батып жатады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторының айтуынша, той ауыртпалық емес, қуаныш әкелуі керек, ал адамды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бәсекелестікті емес, керісінше қанағатшылдықты байқатуы тиіс.

"Қажетсіз заттардың айналымы" деген тақырыптағы видео авторы құдалар, яғни екі жақтың туған-туыстары үшін дайындалатын сыйлық жиынтықтарына назар аударады.

"Олардың көбісі синтетикалық орамалдар, көйлектер және басқа да қолданылмайтын заттар болады. Мұндай сыйлықтардың бір бөлігі жылдар бойы сандықта сақталады немесе келесі іс-шараларда басқа туыстарға қайта сыйға тартылады. Міне, осылайша "керексіз шүберек" алмасуға миллиондаған ақша кетіп жатыр. Адамдар туыстарының алдында ұятты болмас үшін өздері мен балаларының аузынан жырып, қарызға батып, несие алады. Мұндай зат алмасудың бағзы міндетті шарты өз мәнін жоғалтып, бүгіндері отбасылар арасындағы жарысқа айналып кеткен. Дәстүр адамды қарызға батырмауы тиіс. Оның үстіне иесі жақындарын қуантқысы келгендіктен емес, "сараң", "түгі жоқ", "құрметтемейді" деген айыптауларға ұшырамас үшін бұған еріксіз барады. Дәстүр адамды несиеге батырмай, жүректі жылытуы тиіс. Бүгінгі күн көзбояушылықпен емес, шамаға қарай өмір сүретін кезең", – дейді видео авторы.

Оның айтуынша, осы мақсатта алынған несие бір күндік шараға арналады, ал қарызды төлеу адам мойнына қамыт болып киіліп, айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: