Ақтөбеде 188 қоқыс контейнерінің жанына бейнебақылау камералары орнатылуда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігі
Бүгінгі таңда Гришин, Әйтеке би көшелерінде, Бейбітшілік, Молдағұлова даңғылдарында, Есет батыр тұрғын алабында ( Нұр Ақтөбе) бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция белгіленбеген жерлерге қоқыс, ескі жиһаз, істен шыққан тұрмыстық техника, құрылыс материалдарының қалдықтарын шығарып тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы тұрғындарға түсіндіріп жатыр.

Ақтөбе қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері жоғарыда аталған қағиданы бұзудың 5 427 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарды ластаудың 5 207 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Құрметті, ақтөбеліктер және қала қонақтары, абаттандыру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз! Тазалық жинаған жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде сақталады. Балалар үлкендердің қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын көріп үлгі алады, делінген ресми хабарламада.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады