Нұржан Нұржігітов: Мақсатымыз – тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың төрағалығымен өткен кеңесте тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу барысы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, басқосуда аталған жобаның екінші кезеңіне дайындық шаралары, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі талқыланды.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, ұсынылып отырған 10 ауылдық округте 26 072 тұрғын тұрады десек, ондағы аула саны 4386-ны құрайды. Жалпы 1600-ден астам жобаны іске асыру көзделуде.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда өтінімдер қабылдау жұмыстары жүруде. Аймақ басшысы өтінім қабылдау, тұрғындар арасында түсіндіру, талдау, есептеу жұмыстары баяу орындалып жатқан аудан басшылықтарынан жауаптар алды. Жұмыстарды жеделдетіп, тұрғындарға құжаттарды дайындау шараларына барынша көмек көрсету керектігін ескертті. Басқарма мен кейбір аудандардың мәліметтеріндегі айырмашылықтарды сынға алып, өзара бірлесіп, ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, әрекет етуді талап етті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пилоттық жобаға енген ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешу, төрт-түлікті асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыру жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті.

Мақсатымыз – тұрғындардың тұрмысын тіктеп, табысын арттыру. Азаматтар мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс. Олар жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шаруаларын жолға қойып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалана отырып, өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі маңызды. Жауаптылар барлық ұйымдастыру жұмыстарын дер кезінде үйлестіруі керек. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бес бағыт бойынша өзге де қатысты басқармалар атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын қорытындысымен тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады