Алматыда Хмельницкий көшесі Талғар тас жолына дейін ұзарады

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін Б. Хмельницкий көшесін Талғар тас жолына дейін ұзарту үшін ЖСҚ әзірленеді. Құрылыс 2024-2025 жылдары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар Қайрат ықшам ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдар жөнделді. 2,5 шақырым жолға асфальт төселген. Ауданда ұзындығы 9 шақырымдық 17 көше жөнделіп, 89 көше жөнделіп бітті. Ұзындығы 9 шақырым болатын 11 көшеге тротуарлар салынып, жөнделді.

"Б.Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін бағдаршам және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 бағдаршам іске қосылды. Әлмерек, Нұршашқан ш.а. және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа аялдама орнатылды", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін №215 маршрут Жас Қанаттан Шуақты ш.а. дейін ұзартылды. Автобустардың рейске шығу саны 5-тен 7-ге дейін көбейтілді.

Бұған қоса әкімдік №8, 36, 69, 138 сынды 4 бағыттың 39 автобусы жаңартылғанын мәлімдеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады