Екібастұздағы апаттан 244 тұрғын үй зақымданған, 53 пәтерге ауқымды жөндеу қажет болған

Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Екібастұздағы тұрғындардан қолайсыз ауа райына байланысты шағым әлі түсіп жатыр, дегенмен көпқабатты үйлердің 90%-не жылу берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы өңір басшысының жетекшілігімен өткен жедел штабтың кезекті отырысында Екібастұз әкімі хабарлады.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, қазір қала тұрғындарына апаттан келген залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Екібастұздықтардан барлығы 905 өтініш қабылданды. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 244 тұрғын үйде әртүрлі дәрежедегі зақымданулар анықталды. 53 пәтерге ауқымды жөндеу қажет болса, оның 38-де жұмыстар аяқталуға жақын. Жөндеумен айналысатын он бригада барлық қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген", - деді Аян Бейсекин.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды