Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады
Сурет: magnific.com
ABC7 Chicago басылымының мәліметінше, өрт ондаған жылдар бойы оқ-дәрілерді жасырып келген өсімдіктерді жойып, оларды жер бетіне шығарады. Ал аптап ыстық олардың іске қосылуына себеп болуы мүмкін. Қосымша қауіп - құрғақшылық. Еуропада өзендер мен көлдердегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты ескі әскери снарядтар мен миналар да табылып жатыр.
Бельгияда дүниежүзілік соғыстардан қалған оқ-дәрілердің табылғаны туралы жыл сайын мыңдаған хабарлама түседі. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруі өткен қақтығыстардан қалған қауіпті мұраны біртіндеп қайтадан жер бетіне шығарып жатыр.
Бұған дейін Ұлыбританияда аптап ыстық туралы ескертулерге байланысты тұрғындардың өрт шыққаны туралы хабарлау үшін жедел қызметтерге жаппай қоңырау шала бастағаны хабарланған болатын.