Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысында сауда үйінен ақша ұрлаған жасөспірім ұсталды 6 қаңтар күні сағат 15:00-де Қызылорда облысы полиция департаменті Арал аудандық полиция бөліміне 102 арнасына белгісіз біреу аудан орталығындағы сауда үйіне әйнек есігін сындырып кіріп, сөредегі ақшаны ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті 17 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 144-бабының 2 бөлігінің тәртібіне орай кәмелетке толмағанға қатысты ата-анасының қарауына беру туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді