ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Самрук-Казына, Самрук Казына, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 12:02 Фото: sk.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 қарашада, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарламада былай делінген:

"2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиевті және басқа да адамдарды ұстады".

Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және "Заң және тәртіп"қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.

Нұрлан Жақыпов 2023 жылғы 3 сәуірде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Нұрлан Жақыпов 2023 жылғы 3 сәуірде , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 12:02

Сурет: "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі

Жақыпов 1978 жылғы 31 наурызда дүниеге келген. 1996–2001 жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының халықаралық экономикалық қатынастар факультетінде оқыған. Экономика бакалавры, экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001–2003 жылдары Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығында қаржы талдаушысы болып бастаған.

2003–2016 жылдары мына қызметтерді атқарған:

  • - Chambishi Metals PLC компаниясының бизнес-менеджері (Замбия, Китве қаласы);
  • - Research, Investment and Development Ltd компаниясының жоба менеджері;
  • - Credit Suisse компаниясының базалық материалдар жөніндегі тобында биржада саудаланатын компания акцияларының құнын талдаушы;
  • - "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі;
  • - "RBS (Kazakhstan) еншілес банкі" АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астанадағы өкілдігінің басшысы;
  • - UBS AG компаниясының Алматыдағы өкілдігінде инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астанадағы өкілдігінің басшысы.

Сондай-ақ 2016–2017 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі, 2017–2019 жылдары "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы, 2019–2020 жылдары Rothschild & Co компаниясының Қазақстандағы өкілі болған.

"Самұрық-Қазына" қорына тағайындалғанға дейін, 2020 жылдан бастап "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Ал Елжас Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне бірнеше ай бұрын, 2026 жылғы 20 шілдеде тағайындалған.

ҰҚК , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 12:02

Сурет: "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің кеңесшісі ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес компанияларында қызмет атқарған.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтерде болып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік еткен.

2023 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: