Елжас Өтіншіев "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сурет: "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі
2026 жылғы 20 шілдеде "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Елжас Өтіншіев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елжас Өтіншіев Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің кеңесшісі ретінде бастаған.
- 2009–2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес компанияларында қызмет атқарған.
- 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтерде болып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік еткен.
- 2023 жылғы сәуірден бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
- 2024 жылғы ақпаннан бері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
- 2023 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Еске салайық, 8 шілдеде Талғат Алдыбергеновтің "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды. Кейін бұл қызметті уақытша Бауыржан Ұрынбасаров атқарған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript