Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 09:38 Фото: Zakon.kz
Оралда күйеуімен бірге автобус аялдамасында кәмелетке толмаған қызға жанжал шығарған әйелге сот айыппұл салды. Ерлі-зайыпты қорқып қалған оқушыны зиратқа қарай күштеп алып кетуге тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 11 қарашада "Мой город" басылымы жазды. Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі әйелдің жанжал шығарып, оқушыға былапыт сөздер айтып, тіл тигізгенін хабарлады.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындамаған. Ол ұлын қорғауға тырысқанын айтқан. Оның сөзінше, оқиғадан бір күн бұрын ұлы бір топ оқушы қызбен сөзге келіп қалған.


"Әйел мәселенің мән-жайын анықтау үшін күйеуімен бірге келген. Оның айтуынша, жұбайы қызды тек қолынан ұстап тұрған, ал өзі оқиғаны телефонға түсірген. Олар кейін қызды учаскелік полиция инспекторына немесе ата-анасына тапсыруды көздегендерін айтқан", – делінген хабарламада.

Алайда жәбірленуші оқиғаны басқаша баяндаған. Оқушының айтуынша, әйел оларға қатты айқайлап, балағат сөздер жаудырған. Құрбылары кетіп қалған соң, әйелдің күйеуі қызды қолынан ұстап, полицияға апара жатқанын айтып, жергілікті зиратқа қарай күштеп жетелеген.

Олар қорқып қалған оқушыны сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам араша түскеннен кейін ғана жіберген. Қыздың анасы сотта бұл жағдайдың баласына қатты күйзеліс әкелгенін айтып, әйелді жауапқа тартуды талап еткен.

Бейнежазбаларды, хаттаманы және куәлардың айғақтарын зерделеген сот әйелді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп таныды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған 86 500 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысында сабаққа кешіккен кәмелетке толмаған баланы жәбірлеу (буллинг) дерегі бойынша іс қаралған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: