БАҚ: Ауғанстанда апатқа ұшыраған ұшақ бортында ресейлік ерлі-зайыпты қаза тапты
Сурет: bjtonline.com
Ресейлік ерлі-зайыпты жеке ұшақпен Мәскеуге ұшып бара жатқанда Ауғанстанда апатқа ұшырап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Комсомольская правда"-ның хабарлауынша, Евсюковтар отбасы желтоқсан айында Тайландқа демалысқа ұшып барған.
Шетелде жүргенде әйелі қатты ауырып, жергілікті ауруханада жатқан.
"Оны Паттайядан Мәскеуге тасымалдау мәселесі шешіліп, күйеуі онымен бірге жеке ұшақпен (Үндістанда жанармай құйған) ұшып шықты, ал ұлы Тайландта қалды, өйткені бір ғана адамға еріп жүруге рұқсат етілген. Ауғанстанның үстінде ұшақ апатқа ұшырады".
Ұлы Мәскеуге кәдімгі рейспен жетіп, ата-анасының мерт болғанын білді.
Еске салайық, мұның алдында Ауғанстанның Бадахшан провинциясының Зибак ауданында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript