Судандағы ұшақ апатынан тоғыз адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Суданның Порт-Судан қаласындағы әуежайда транспорт ұшағы апатқа ұшырап, тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, транспорт тасымалдайтын ұшақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған. Қаза тапқандардың арасында төрт сарбаз бар.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Порт-Судан әуежайында кешкі уақытта Aн ұшағы ұшу кезінде техникалық ақауға байланысты апат болып, салдарынан 11 адам қаза тапқан. Бір бала аман қалды.
Зардап шеккендердің саны әзірше хабарланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript