Германияда ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты

Германияда ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 19:40 Сурет: x.com/RTLWEST
Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Эркеленц қаласы маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл моторлы Cessna ұшағы Гердерат елді мекенінің маңындағы ауыл шаруашылығы алқабына құлаған.

Welt газетінің жазуынша, ұшақ жерге шамамен сағат 11:20-да құлаған. Апат салдарынан әуе кемесі толық қирап, борттағы адамдардың барлығы қаза тапты.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер барған. Әзірше апаттың себептері мен мән-жайы анықталған жоқ.

Ұшақтың құлау себептерін анықтау үшін арнайы мамандар тергеуге кірісті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: