Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Ұшақ апаты, Қарағанды облысы, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2023 11:01 Сурет: freepik
30 қыркүйекте оқу-жаттығулар кезінде екі орынды ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте таңертең болды.

"2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды", делінген Азаматтық авиация комитетінің мәтінінде.

Тергеу шараларымен Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу жөніндегі департаменті айналысады.

Сондай-ақ Азаматтық авиация комитеті апатқа ұшыраған ұшақтың суретімен бөлісті.

Сурет: Азаматтық авиация комитеті

Әуе апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: