Иркутскіде апатқа ұшыраған Су-30-дың екі ұшқышы да қаза тапты
Аймақтық ТЖД басшысының айтуынша, Су-30 әскери жойғыш ұшағы сынақ кезінде апатқа ұшыраған. Ведомствоның мәліметінше, ұшақ Павел Красильников көшесіндегі үйге құлаған.
Ұшақ әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 17:47-де әуеге көтерілді. Содан кейін бірден байланыс үзілген. Іле-шала тағы бір Су ұшағы әуеге аттанды. Оның экипажы апатқа ұшыраған әскери ұшақ ұшқыштарының ес-түссіз күйде болғанын көрген.
Су-30 - 4+ буынының көп мақсатты жойғыш ұшағы және ол Иркутскі авиазауытында жасалып шығарылады.
"112" мәліметтері бойынша, ұшақ құлаған жеке үйдің үш тұрғыны эвакуацияланып үлгерген. Ауданы 100 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй екі отбасыға арналған.
Жергілікті халық арасында құрбан болғандар жоқ, өрт оқшауланды, деп атап өтті ведомстводағылар.
Дүйсенбіде 17 қазанда РФ-ның Ейскі қаласында Су-34 ұшағы апатқа ұшырады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ әскери аэродромнан оқу-жаттығу рейсін орындау мақсатында ұшып шыққан. Ұшақтың қозғалтқыштарының бірі өртенгені айтылады. Экипаж катапульт тетігін басып үлгерген, олар дін аман.