Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Дельтаплан, Ақтөбе облысы, апат, ұшқыш қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 12:44 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, дельтплан "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі болған, ол өндірістік жұмыстарды орындау үшін әуеге көтерілген.

Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.

"Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға авиациялық оқиға ретінде қаралады".ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: