Қазақстанда бір күнде үш орман өрті тіркелді
Сурет: Zakon.kz
14 қыркүйекте еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің екеуі Шығыс Қазақстан облысында, біреуі Қарағанды облысында болған.
Өрт ошақтарына байланысты тиісті жұмыстар жедел ұйымдастырылды. Оларды сөндіруге орман шаруашылығы мекемелері мен Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар өрт сөндіру жұмыстарына "Қазавиаорманқорғау" РМҚК қызметкерлері тартылды. Әуе арқылы бақылау және өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта өрт ошақтарындағы жағдай бақылауда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript