Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Лесной пожар, лесные пожары, пожар в лесу, горящий лес, природный пожар, возгорание в лесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 22:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 12 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлер бойынша ең көп өрт Қостанай облысында болған. Мұнда 8 өрт тіркелсе, Ақмола облысында – 2, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір өрттен анықталды.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы анықталған. Хабарлама түскеннен кейін орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орындарына жіберілді.

Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның тікұшақтары, мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта бірқатар өңірде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: