Қазақстанның теннистен Дэвис кубогында Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Қазақстанның теннистен Дэвис кубогында Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 22:33 Сурет: olympic.kz
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының Дэвис кубогының екінші Әлемдік тобы аясында Таиландқа қарсы өтетін матчқа қатысатын ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан сапында Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов өнер көрсетеді.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы кездесу 18-19 қыркүйек күндері Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.

Кездесу бес ойыннан тұрады: төрт жекелей және бір жұптық сайыс.

Матчта жеңіске жеткен команда 2027 жылғы Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: