Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасының Аргентинаға қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды

Дэвис кубогы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2024 17:11 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы 3-4 ақпанда Росариодағы (Аргентина) топырақ төсеніші кортында Аргентинаға қарсы Дэвис кубогының іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юрий Щукин бастаған жаттықтырушылар штабы қиын шешім қабылдап, Александр Бубликке Олимпиада лицензиясын алуды бірінші орынға қоюға мәжбүр болды.

Ұлттық құраманың бірінші ракеткасы Монпельеде (Франция) өтетін турнирде ойнайды, онда Александрдың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары және соның арқасында Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік ала алады.

Сонымен қатар ұлттық құрама сапында дебюттік кездесуін өткізуге тиіс болған Бейбіт Жұқаев та  Аргентинаға бара алмайды. Ол жуырда Аустралиядағы матчы кезінде жарақат алып қалды.

Осылайша, ел намысын Денис Евсеев (АТР жекелей рейтингінде 184-орын), Тимофей Скатов (АТР жекелей рейтингінде 227-орын), Дмитрий Попко (ATP жекелей рейтингінде 358-орын) және Александр Недовесов (АТР жұптық рейтингінде 46-орын) қорғайтын болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: