Көктайғақ салдарынан Алматы облысындағы тас жол ең қауіптісі болды

Алматы-Қонаев тас жолы көктайғақ салдарынан ең қауіпті жолдардың біріне айналды. Онда автобанға өту ақылы болғанымен, күнде жол апаты болып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, Алматыдан Қонаевқа және кері қарай күніне 10 мыңға дейін көлік қатынайды. Бетон сырғанаққа айналып кеткен. Жүргізушінің шамалы назар аудармауы немесе тежегішті күрт қолдануы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Жүргізуші Владимир Нефеткин қар жауған кезде жолдағы қарды дер кезінде күреу керек деп есептейді. Ол күн сайын апатқа ұшыраған көліктерді көреді.

"Негізі маршрут ұзақ. Жол қызметінің уақыты жоқ, иә. Тым болмаса бір жолақ босатса, әлдеқайда жақсы болар еді".Алматы облысының тұрғыны Әблимит Алабердиев

"Қазавтожол" серіктестігі жолдағы қарды үнемі күреп, арнайы реагенттер себетінін жеткізді. Бұл бағытқа 15 бірлік арнайы техника жұмылған.

Ақылы жолдар дирекциясы филиалының басшысы Тимур Әлімов тас жол үнемі өңделіп жатқанын, бірақ бұл әрдайым күткендей нәтиже әкеле бермейтінін айтты. Өйткені температураның төмендеуі жол жамылғысының жағдайына кері әсер етеді.

Алматы-Қонаев тас жолы жылына бір миллиард теңгеден астам кіріс әкеледі. "Қазавтожол" бұл қаржы тас жолдарды жөндеуге, оларды күтіп ұстауға, техника сатып алуға жұмсалатынын айтты.

Қазақстан Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: