Әкімнің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру жұмысы 2022 жылдың күзінде басталған. Бұл мақсатқа әкімдік 15 млрд теңге бөлді.
Көктемде алғашқы егін басталады. Әкім сол кезде жылдам өсетін позициялардың бағасы өз орнына келеді деп үміттенеді.
"Соңында қалада "Алтын Ордадан" басқа жеткізушілер пайда болды. Ірі желілер жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, сондықтан баға төмендеді. Басқа көтерме саудагерлер де басқа жолдарды табады деп сенеміз", - деді Ерболат Досаев.
Ол қалаға көкөніс, жеміс-жидек, еттің 75 %-ы "Алтын Орда" базары арқылы жеткізілетінін баса айтты. Сондықтан ғажайып пен бағаның күрт төмендеуін күтудің қажеті жоқ.
"Біз Ақсу қант зауытымен келісімге қол қойдық, мен бұл жобаға 2,6 миллиард теңге бөлдім. Биыл қант бағасы шарықтамайды деп үміттенемін. Нан бағасы тұрақты болып тұр, біз оны субсидияладық. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген", - деді әкім.
Бұл ретте азық-түліктен басқа тауарлардың бағасы көтеріліп жатыр. Әкім мұны геосаяси жағдайға байланысты деп түсіндірді. Себебі көлік логистикасы бұзылған.
"Наурызбай ауданына келсек, көтерме сауданың дамуының өзі жоғары деңгейде емес және бір-бірімен бәсекеге түсетін дүкендер аз. Бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз, күш саламыз. Ұсынысын айта келген кәсіпкерлерді қолдадық. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ненің өзгергенін, ненің өзгермегенін қараймыз", - деп түйіндеді сөзін Алматы әкімі.
Бұған дейін әкім Абай даңғылындағы жұмыс қашан аяқталатынын айтып, қаладағы мопедтер мен мотороллерлердің жағдайына да тоқталды.