Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Күз, ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 20 қыркүйек, 21 қыркүйек, 22 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2026 12:48 Сурет: Zakon.kz
Алдағы үш күнде Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, ал Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш мегаполисте де күндізгі ауа температурасы +21... +32°C аралығында болады, ал елордада түн салқын болады: +6°C.

Астана

  • 20 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +21...+23°C. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с.
  • 21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +22...+24°C. Соққан желдің екпіні - 5-10 м/с.
  • 22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +22...+24°C. Соққан желдің екпіні - 5-10 м/с.

Алматы

  • 20 қыркүйек: аспан бұлтты, кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде: +16...+18°C, күндіз: +30...+32°C. Соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 15 м/с дейін жетеді.
  • 21 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +25...+27°C. Соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді.
  • 22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +25...+27°C. Соққан желдің екпіні - 3-8 м/с.

Шымкент

  • 20 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +27...+29°C. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с.
  • 21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +28...+30°C. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с.
  • 22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +30...+32°C. Соққан желдің екпіні - 8-13 м/с.

Бұған дейін синоптиктер 20 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: