Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, 2 қазан, 3 қазан, 4 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 17:52 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алдағы үш күнде Астанада сынап бағаны 4 градус суықты көрсетіп, қар жауатыны, үсік жүретіні, ал Алматыда сынап бағаны 3 градус жылы болып, ауа райы жаңбырлы болатыны, күн салқындайтыны болжанады. Шымкентте болса, күн әлі жылы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 2025 жылғы 2, 3 және 4 қазанға жасаған болжамында айтылады.

Астана

  • 2 қазан: аспан бұлтты, ауа райы аздап жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, таңертең және түстен кейінгі екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +6...+8°C.
  • 3 қазан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: +5...+7°C.
  • 4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -2...-4°C, күндіз: +8...+10°C.

Алматы

  • 2 қазан: аспан бұлтты, түнде ауа райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +10...+12°C.
  • 3-4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +3...+5°C, күндіз: +13...+15°C.

Шымкент

2 қазан: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°C, күндіз: +18...+20°C.

3 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +6...+8°C, күндіз: +19...+21°C.

4 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +21...+23°C.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: