Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Астана
15 сәуір: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃, күндіз: +12...+14℃.
16 сәуір: аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: 0...+2, күндіз: +13...+15℃.
17 сәуір: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃, күндіз: +8...+10℃.
Алматы
15 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11℃, күндіз: +21...+23℃.
16 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезіндегі желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃., күндіз: +16...+18℃.
17 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қатты жел соғады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃., күндіз: +18...+20℃.
Шымкент
15 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃, күндіз: +25...+27℃.
16 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃., күндіз: +19...+21℃.
17 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +8...+10℃, күндіз: +20...+22℃.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнгі, 2025 жылдың 15-17 сәуірі аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған.