Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

Республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар)... Республика бойынша тұман күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі:
15 сәуірге қараған түні Ақмола облысында,
15 сәуірде түнде, 16 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысында,
15 сәуірге қараған түні, 16 сәуір күні Абай ауданында,
16 сәуірде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында.
-1-5°С аяз күтілуде:
сәуірдің 15-інен 17-сіне қараған түні Батыс Қазақстанда,
15-16 сәуірде Атырау, Ақмола,
15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында,
16 сәуірде Павлодар облысында,
16-17 сәуірде Ұлытау облысы мен Қарағанды облысында,
15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында.
Күндізгі температура фоны
оңтүстік-батыста негізгі фондық температура +15+25°С,
Өсуі күтілуде:
Республиканың батысында – +15+20°С-тан +17+23°С-қа дейін,
солтүстік-батыста – +8+16°С-тан +12+20°С-қа дейін,
орталықта – +10+18°С-тан +13+21°С-қа дейін,
шығыста – +9+18°С-тан +10+20°С-қа дейін,
оңтүстігінде – +15+23°С-тан +17+25°С-қа дейін,
Төмендеу болжанады:
солтүстікте – +7+15°С-тан 0+10°С-қа дейін,
оңтүстік-шығыста – +17+23°С-тан +13+20°С-қа дейін,
17 сәуірде облыстың солтүстігінде +5+10°С дейін.