Астана, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Астана мен Шымкент қалаларында 12-14 ақпанда күн суық болатынын, сынап бағаны -16°С аязды көрсетінін, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болатынын болжайды.
Астана
12 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с, күннің екінші жартысында - 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: -14...-16°С, күндіз: -7...-9°С.
13 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°С, күндіз: -3...-5°С.
14 ақпан: аспан бұлтты, күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°С, күндіз: -3...-5°С.
Шымкент
12 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4...-6°С, күндіз: +2...+4°С.
13-14 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +3...+5°С.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.