Алматыда ауа температурасы -10°С-қа дейін күрт төмендеп, қайтадан қар жауады деп күтілуде

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, зима в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 15:10 Фото: Zakon.kz
Синоптиктер Алматыда алдағы үш күнге – 2025 жылдың 12-14 ақпанына дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, оңтүстік астанада күн суытып, тағы да қар жауады деп болжануда:

  • 12 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +1+3°C.
  • 13-14 ақпан: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз 0+2°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың 11-13 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Ол елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілетінін көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: