Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, 7 желтоқсан, 8 желтоқсан, 9 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 15:39 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы күрт нашарлайды деп күтіледі: қар түсіп, жаңбыр жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамға сілтеме жасап.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 7 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1...-3°С.
  • 8 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -3...-5°С.
  • 9 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -20...-22°С, күндіз: -18...-20°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 7 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +6...+8°С.
  • 8 желтоқсан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +3...+5°С.
  • 9 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, кейде тұман болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 5-10 м/с, күндіз кей тұста 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: 0...+2°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 7 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +10...+12°С.
  • 8 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +3...+5°С.
  • 9 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°С, күндіз: +2...+4°С.

Бұған дейін Алматы бойынша алдағы жеті күнге (6-11 желтоқсан) арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: