Германияда бір студент айналасына оқ жаудырды - зардап шеккендер бар

Сурет: Instagram/polizei_bw
Дүйсенбіде Германиядағы Гейдельберг университетінде атыс болып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ер адамның айналасына не үшін оқ жаудырғаны әзірге белгісіз. Қанша адам жарақат алғаны да айтылмайды, деп хабарлайды DPA.

Полиция мәліметінше, шабуылдаушы бірнеше тегіс ұңғылы қаруды қолданған. Ол жоғары оқу орнындағы аудиторияда дәріс болып жатқанда оқ атуды бастап, ондағы бірнеше адамды жарақаттаған.

Оның студент екені белгілі, ол ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, жарақат алған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Полиция бұл істе саяси немесе діни астар байқалмайтынын айтты.

Гейдельберг - Баден-Вюртемберг өңірінің солтүстік батысындағы тарихи қала.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды