Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды

Ыстамбұлда арыстан жүр: тұрғындар қауіптеніп, іздеу жұмыстары басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 12:42 Сурет: pexels
Ыстамбұлдың Сарыер ауданында арыстанның пайда болғаны туралы хабардан кейін іздеу операциясы жүргізіліп жатыр. Мамандар жануарды тауып, ұстауға әрекеттеніп жатқанда, жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпау ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Türkiye Today басылымының мәліметінше, іздеу жұмыстарына Үскүмрүкөй ауданынан 112 жедел қызметіне түскен қоңырау себеп болған. Куәгер арыстанды көргенін хабарлаған. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеген мамандар жануарды анықтап, оны алдын ала ұрғашы арыстан деп болжаған.

Табиғатты қорғау қызметі мен жандармерия өкілдері аумақты бастапқы тексеру кезінде жануарды таба алмаған. Кейін тепловизорлардың көмегімен оның орманды алқапта жүрген жері анықталды. Осыдан соң жануарды ұстау операциясы басталды.

Сарыер ауданының әкімі Октай Аксу тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертті.

"Азаматтардан өз қауіпсіздігі үшін және мамандардың жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында үйлерінен шықпауды сұраймыз", – деді ол.

Жандармерия да іздеу жұмыстары аяқталғанға дейін жергілікті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Аумақты тексеру барысында мамандар тепловизорларды пайдаланып, болжам бойынша ұрғашы арыстанды анықтаған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Сарыер ауданы Ыстамбұлдың еуропалық бөлігінде, Босфор бұғазының маңында орналасқан. Мұнда тұрғын үйлер орманды алқаптармен шектеседі. Түркияның жабайы табиғатында арыстанның пайда болуы – өте сирек кездесетін жағдай.

Бұған дейін Маңғыстауда сирек кездесетін жануарлардың саны едәуір артқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: