Түркістанда өзенге батып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 18:13 Фото: unsplash
Түркістан облысындағы Келес өзеніне батып кеткен 8 жастағы баланы іздеу-құтқару жұмыстары бір айдан кейін ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 наурыз болған. Бүлдіршіннің анасының айтуынша, жазатайым оқиға салдарынан 2018 жылы туған бүлдіршін Тұрсынбек Жаннұр Келес өзеніне ағып кеткен.

Түркістан облысы ТЖД мәліметіне сүйенсек, оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап құтқару бөлімшелері, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер жұмылдырылып, ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

Атап өтілгендей, іздестіру барысында өзен арнасы мен жағалау аумақтары бірнеше рет тексеріліп, жүзу құралдары, арнайы техника және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылған.

Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, су ағысының ерекшеліктері мен ауа райы жағдайлары ескерілді. Келіп түскен әрбір ақпарат мұқият тексеріліп, болжамды учаскелер қайта-қайтақаралды.

Өкінішке қарай, жүргізілген кешенді іздестіру шараларына және барлық күш пен құралдардың жұмылдырылуына қарамастан, нәтиже оңтайлы болмады.

"Мамандардың қорытындысы мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары 2026 жылғы 23 сәуірден ресми түрде аяқталды".Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, егер іздестіру-құтқару жұмыстары бір ай ішінде оң нәтиже бермесе, судағы жазатайым оқиға қылмыстық іске қайта сараланып, тергелу ретімен құқық қорғау органдарына әрі қарай процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі.

Ведомство аталған шешім барлық мүмкін болатын іздестіру шаралары толық жүргізілгеннен кейін қабылданғанын атап өтті. Құтқарушылар тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып, қолда бар күштер мен техникалық мүмкіндіктер толық пайдаланылды.

Бұған дейін Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: