Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталды

Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 17:41 Сурет: Алматы ПД баспасөз қызметі
Алматыда тұрғындардың қырағылығының арқасында 81 жастағы зейнеткерге қатысты ауыр қылмыстың алдын алу мүмкін болды. Полицейлер оны заңсыз ұстап, мүлкін иемденбек болған күдіктілерді дер кезінде қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның жай-жапсарын 2026 жылғы 29 сәуірде Алматы полиция ашты.

"Алматы қаласының Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру және оған қатысты алаяқтық жасау әрекетімен байланысты ауыр қылмыстың жолын кесті. Алматы қаласында жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабарлаған. Жедел әрекет ету нәтижесінде зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінде, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды. Оны ұрлады деген күдікпен үш азамат ұсталды",- делінген ақпаратта.

Анықталғандай, күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның осал жағдайын пайдалана отырып, бас бостандығын шектеген және жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған.

"Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер – екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға, сондай-ақ әрбір күдіктінің рөлін айқындауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

"Азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр салдардың алдын алып, зейнеткердің құқықтары қорғалды", – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Бұған дейін ІІМ жол қозғалысы ережелерін бұзу көбейгеніне байланысты жүргізушілерге үндеу жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: