Алматыда 71 жастағы зейнеткер өз-өзіне қол жұмсады

Пожилые люди, пожилой человек, пожилой, пожилая, пожилые, пенсионеры, пенсионер, пенсия, пенсионный возраст , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2026 15:28 Фото: Zakon.kz
Түрксіб ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 71 жастағы ер адам өз үйінде аңшылық қаруды пайдалану арқылы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған.

Белгілі болғандай, марқұм көзі тірісінде бірқатар ауыр сырқаттармен ауырған. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін де өз өмірін қию ниеті туралы бірнеше рет айтқан.

"Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде". Алматы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталуда.

Бұған дейін Астанада қарсы бағытқа шығып, екі адамның өліміне себеп болған жүргізушіге үкім кесілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: