Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп кетті
Фото: primeminister.kz
Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы оқиға орын алды. 37 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
"37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен 11-қабаттан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзетшісі байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді", – деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккен азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол есін жимастан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы суицидтің алдын алу фактісі туралы хабарлаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript