Алматыда жас жігіт биіктіктен құлап қаза тапты: полиция тергеуді бастады
Фото: polisia.kz
Алматыда 21 жастағы жігіт Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің ортақ балконынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері қаза тапқан азаматтың жеке басы дереу анықтады.
"Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға алдында жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген". Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер осы және өзге де мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексерілетіндігін айтып отыр.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың себептері мен ықтимал себептерін анықтауда. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр".Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматы маңында мас күйде көлік тізгіндеген бойжеткен жер үйдің қоршауын бұзып өтіп, екі адамды жарақаттағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript