Алматы маңында мас күйде көлік тізгіндеген бойжеткен жер үйдің қоршауын бұзып өтіп, екі адамды жарақаттады

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 10:13 Фото: Zakon.kz
Алматы облысында 24 жастағы бойжеткен тізгіндеген көлік жер үйдің қоршауын бұзып, аулада алаңсыз тойлатып отырғандарды қағып өтті. Соның салдарынан туған күн иесінің аяғы үшке бөлінсе, тағы бір адамның қабырғалары сынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, жантүршігерлік оқиға екі күн бұрын болған. Туыстарының айтуынша, жүйткіген "Мерседес" қоршауды бұзып өткен. Сол сәтте мұндағы тұрғындар алаңсыз туған күн тойлап отырған.

"Мерседес" тізгінінде жас қыз болыпты. Жәбірленушілердің жақындары оның жүргізуші куәлігі болмағанын айтады. Тіпті рөлге масаң күйде отырған дейді. Қақпаны бұзып өткен көліктің салонында одан бөлек тағы екі адам болыпты. Ал туған күнінде өмір бойына мүгедек болып қалған Сымбат құрсақ көтеруге дайындалып жүрген.

"Сіңлімді қабырғаға лақтырған, аяғын езіп жіберген. Аяғын сақтап қалу мүмкін болмады. Бір сіңлім мына жаққа құлады. Ұшып кетті. Баламның психикасына зақым келді, үндемей қалды. Кішкентай төрт жасар болам. Қал-жағдайы өте нашар. Өте қатты травма, депрессияда. Екінші сіңлімнің алты қабырғасы сынған. Ол басқа ауруханада жатыр". Шолпан Қылышова:

Қазір науқасқа ота жасалған. Жағдайы қалыпты, дейді дәрігерлер. Бір аяғына ампутация жасалыпты. Алдағы уақытта протез салмақ. Апатқа себеп болған жүргізуші қазір қамауда. Облыстық полиция департаменті бірден қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

"24 жастағы азаматша көлік тізгініне ие бола алмай, екі адамды қағып кеткен. Екеуі ауыр жарақат алып, қаланың ауруханасына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қарасай ауданы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр". Нұсқабек Зауланбаев, Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы:

Бұған дейін Алматыда үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: