Алматы облысында жас жігіт төрт адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысында жас жігіт төрт адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2024 14:47 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Олардың бірі, 16 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Есікте 14 қарашада болған. Жүргізуші жол апаты болған жерден қашып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің қызметі.


Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: