Алматыда үш көліктің қатысуымен ауыр жол апаты болды
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, Toyota Alphard Панфилов көшесімен солтүстік бағытта, ал BMW 5 сериясындағы көлік Мәметова көшесімен батыс бағытта келе жатқан.
Бағдаршамның жұмыс істемеуіне байланысты жүргізушілер жол бойына қойылған белгілерді басшылыққа алуы керек еді.
Олардың айтуынша, BMW жүргізушісі "Жол бер" белгісін елемей, қиылысқа атып шығып Toyota Alphard-пен жанаса соқтығысуға жол берген.
Минивэннің дөңгелегіне соққы жасалып, содан кейін Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Автокөлік жол қиылысын кесіп өтіп, бір бүйіріне қарай аударылған, бірақ бар инерциясымен одан ары сырғып жол бойында тұрған "Газельге" соғылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW жүргізушісі жарақат алған, бірақ ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жол апатына түскендердің барлығын тексерді, бірақ ешкім ауруханаға жатуды қажет етпеді.



