Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Сурет: Zakon.kz
6 қазанда сағат 23:30 шамасында Вокзал ықшам ауданы тұсында күдік тудырған Toyota Highlander тоқтатылып, көлік тізгініндегі 31 жастағы жүргізушінің тексеру кезінде есірткілік масаң күйде болғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оған қатысты хаттама толтырылды. Сонымен қатар дәл сол күні көлік жүргізу құқығынан айырылған 4 жүргізуші анықталып, олардың автокөліктері арнайы тұраққа қойылды. Осы ретте полицейлер жол қағидаларын өрескел бұзу өзіңіздің және өзгелердің өміріне аса қауіпті екенін және қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салады", делінген полиция хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript