Түркіcтан облысында масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды
Сурет: pixabay
Түркістан қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кезекті рейд барысында Ерубаев көшесі бойында түнгі уақытта жүрісі күмән тудырған Toyota Carina автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 38 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.
"Анықталғандай, аталған азамат 2020 жылы көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Алайда жүргізуші жаза мерзімінің аяқталмағанына қарамастан қайтадан заң талаптарын бұзып, масаң күйде көлік тізгіндеген. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда", делінген хабарламада.
Полиция азаматтарға жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады және заң талаптарын бұзу жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Бұған дейін Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript