Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Ұсталды, Алматы, Kizdar.net, сайт, ұйымдастырушылар , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 17:11 Сурет: pexels
Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

"Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды. Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды", делінген 2026 жылғы 15 маусымдағы қалалық прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында екені де нақтыланады.

Бұған дейін Алматыда заңсыз көші-қон арналарының жолы кесілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: